Басты бет
Стипендиялық бағдарламалар

Стипендиялық бағдарламалар

Қалай өтініш беру керек

De Montfort University Kazakhstan-да біз қаржылық шектеулер ешкімге әлемдік деңгейдегі білім алуға кедергі болмауы тиіс деп санаймыз. Біз студенттерімізге академиялық және мансаптық мақсаттарына жетуге көмектесу үшін түрлі стипендиялар мен қаржылық қолдау нұсқаларын ұсынамыз.

Біз кіріс деңгейіне және академиялық үлгерімге негізделген ішінара стипендиялардың қатарын ұсынатынымызды мақтан тұтамыз. Олар өңірдің әр түкпірінен келген дарынды жастарға қаржылық қиындықтарға қарамастан біздің инновациялық университетте білім алуға мүмкіндік береді.

DMU Қазақстан болашақ студенттерге бірнеше стипендия ұсынады, олар туралы толық ақпарат тиісті бөлімдерде берілген.

1

Университетке өтініш беріңіз және өтініш беру жарнасын төлеңіз.

2

Таңдалған стипендиялық бағдарлама талаптарына сай екеніңізді растаңыз.

3

Стипендиялық сұхбатқа қатысып, кәсіби әрі тұлғалық дамуға берік ниетіңіз бар екенін дәлелдеңіз.

4

Стипендияңызды қамтамасыз ету үшін ұсынысты қабылдаңыз және оқу ақысының 20% кепілдік жарнасын төлеңіз.

Қолжетімді стипендиялар

Академиялық жетістіктер стипендиясы icon

Академиялық жетістіктер стипендиясы

Спорттағы жетістіктер стипендиясы icon

Спорттағы жетістіктер стипендиясы

Өнер және дизайн стипендиясы icon

Өнер және дизайн стипендиясы

Қоғамдық қызмет және әлеуметтік ықпал icon

Қоғамдық қызмет және әлеуметтік ықпал

Стипендиялық ақпарат

Қаржылық қолдау және жеңілдіктер

Қаржылық қолдау және жеңілдіктер

Біз сапалы білім барлық студенттерге қолжетімді болуын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Қаржылық шектеулер ешкімге Ұлыбританияда университеттік білім алуға кедергі болмауы тиіс деп берік сенеміз.

Қаржылық ауыртпалықты жеңілдету және жоғары білімді қолжетімді ету үшін біз студенттерімізге қаржылық көмек ұсынамыз.

Біздің қабылдау комиссиясы қаржылық қиындықтарға қатысты барлық мәселелерде, оның ішінде оқу ақысы, қаржылық қолдау және оқуыңызды қаржыландыру бойынша көмектесуге дайын.

Қолжетімді жеңілдіктер

Толық алдын ала төлемдер (Full Advance Payments)

Отбасылық жеңілдік (Family Loyalty Discount)