Оқуға түсуге қойылатын талаптар

Сіз бакалавриат немесе магистратура бағдарламасын іздесеңіз де, DMU Қазақстан Ұлыбританияда білім алғысы келетін жергілікті және шетелдік студенттер үшін бірінші таңдауы. 

DMU Қазақстанға оқуға түсу үшін қойылатын әдеттегі талаптарға нұсқаулық. Біздегі қабылдау комиссиясы сіздің өтінішіңізді толық қарастырады, сондықтан өтініш берген кезде академиялық біліміңіз бен жеке мәліметтеріңіз дұрыс енгізілгенін тексеріңіз. Университетке келіп түскен әрбір өтініш өз мәні бойынша қарастырылады.

Бакалавриатқа түсу үшін қойылатын талаптар

ОҚУҒА КІМ ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАДЫ?

  • Орта білім беретін оқу орындарының соңғы курсында оқитын оқушылар;
  • Техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орындарының соңғы курсында оқитын студенттер;
  • Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орындарының түлектері.

ТҮСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Іріктеу кезеңінде қабылдау комиссиясы келесі мәселелерді қарастырады:

Сіздің біліктілігіңіз + Ағылшын тілін білу + Жеке мәлімдеме.

1. Біліктілік

Қазақстандағы біліктілік

  • Орта кәсіби білімі туралы аттестат
  • ҰБТ (міндетті емес және өтініш берушінің қалауы бойынша ұсынылады)

немесе

Ұлыбританиядағы біліктілік

  • 5 GCSE/IGCSE в A*- E, немесе GCE A екі деңгейі (A – E кластары), немесе GCE AS үш деңгейі (A – E кластары)

немесе

  • Халықаралық бакалавриат
  • Халықаралық бакалавриат IB – кем дегенде 20 балл
  • Халықаралық бакалавриат IB – Орташа жылдар бағдарламасы – әрбір компонент бойынша кем дегенде 3 баллдан 28 балл.

2. Ағылшын тілі

Сіздің жетістіктеріңізге біз қамқоршымыз.

Біздегі оқу кезінде ағылшын тілін дамытып, жетілдірудің жақсы негізі болуы табысқа жету жолында сізге көмектесіп, сенімділік пен дағды береді.

Стандартты талап – IELTS 5.0 (5,0-ден төмен компонент болмауы тиіс).

Жеке өтініш

Іріктеу үдерісі аясында біз сізден ағылшын тілінде сіздің амбицияларыңызды, дағдыларыңыз бен тәжірибелеріңізді сипаттайтын қысқаша мәлімдеме жіберулеріңізді сұраймыз. Сіздің жеке өтінішіңіз сіздің университетте оқуға деген талабыңызды растайды. Бұл сізге белгілі бір курсты немесе пәнді не үшін оқығыңыз келетінін және таңдалған салаға деген құштарлығыңызды көрсететін қандай да бір дағдылар мен тәжірибелер туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұл сізге ӨЗІҢІЗ туралы жазудың мүмкіндігі!

Магистратураға түсу талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі бакалавр дәрежесінің иегерлері немесе магистратура дәрежесінің иегердері үшін қарастырылады.

Әдетте біз студенттерден жалпы «жақсы» баға алады деп күтеміз. Біз Қазақстанның ЖОО-дағы таңбалау схемаларының әр түрлі болуы мүмкін екенін түсінеміз. Егер сіздің бакалавриат деңгейіңіз GPA жүйесі бойынша бағаланса, біз әдетте ең төменгі орташа баллды 3,0-тен 4,0, 3,5-тен 4,33 немесе 4-тен 5-ке дейін қабылдай аламыз.

Жұмыс тәжірибесі міндетті емес.

Халықаралық үміткерлер әдетте кез-келген пән бойынша бакалавриат дәрежесіне ие болады, ең төменгі рұқсаты 2:2 немесе шетелдегі баламасы.

Эквивалентті деп саналатын кәсіби біліктілік жеке негізде қарастырылады.

Біздің қабылдау комиссиясыз сізге өтініш берудің барлық аспектілері бойынша кеңес береді.

Call Now Button
kkKazakh