De Montfort University Kazakhstan-ның
шәкіртақылық конкурсы «DMUK Talent»

De Montfort University (DMU) – UK

Қарқынды дамып келе жатқан британдық беделді университет.
Ұлыбританиялық Teaching Excellence Framework рейтингінде алтын мәртебесіне ие болған.

Ұлыбританиялық стандарттар бойынша сапалы білім беру

Ұлыбританиялық үлгідегі диплом

Оқытушылар – Ұлыбританиядан
келген профессорлар

Қазақстан мен Англияның мемлекеттік аккредитациясы бар

Серіктес-компанияларда халықаралық тағылымдамадан өту

Түлектердің 97%-ы
жұмысқа
орналасады

ЖОО бітіргеннен кейін Англияда жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар

Қазіргі заманға сай ыңғайлы инфрақұрылым –
Google және Amazon компанияларының кеңсесіне ұқсас форматтағы кампус бар

Конкурстың үшінші кезеңіне өтуіңізбен құттықтаймыз!
Жеңіске дейін енді бір ғана қадам қалды!

Үшінші кезең

1. Болашақ стартапқа немесе әлемдегі және қоғамдағы жаһандық мәселелерді шешуге арналған бизнес-жоспар дайындаңыз. Бұл туралы қысқаша бейнебаян түсіріңіз, оны YouTube каналына жүктеп, сілтемесін бізге жіберіңіз. Оған қол жеткізу ашық немесе тек сілтеме бойынша болуы мүмкін (міндетті емес).

2. Бейнебаянның ұзақтығы 90 секундтан аспауы керек.

3. Сіз бізге тек бейнебаян ғана емес, сонымен қатар жобаңызды сипаттайтын кез келген қосымша материалдарды (презентациялар, есептеулер, қосымша сипаттама) жібере аласыз. Бұл тармақ өз қалауы бойынша орындалады.

4. Үшінші кезеңге бейнебаян (егер бар болса, қосымша материалдарды да) тапсырудың соңғы мерзімі: 25 тамыз 2021 жыл. Барлық материалдар ағылшын тілінде болуы керек.

Біз dmuktalent@dmuk.edu.kz электрондық поштасында сіздердің жұмыстарыңыздың сілтемесін күтеміз.

5. Әділ қазылар алқасы бір аптаның ішінде сіздердің жұмыстарыңызды қарап шығып, тиісті бағасын береді. Конкурс жеңімпаздарының есімі 31 тамызға дейін жарияланады.

Өте маңызды!

  • Сіздің бейнебаянда дөрекі сөздердің, жамандыққа шақыратын ұғымдардың, тыйым салынған материалдардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
  • Мазмұн бөлігіндегі талаптарға сәйкес келмейтін барлық бейнелер ұзындығы қабылданбайды.
  • Стипендиялардың саны және оларды үміткерлер арасында бөлу туралы түпкілікті шешімді DMUK комитеті қабылдайды.

Lifehack: Жұмысыңызды жіберуге сізде бір апта ғана уақыт бар. Сіздің шабытыңыз бен ойыңыз қазылар алқасы үшін өте маңызды! Әсерлі бейнебаян түсіру үшін, әлемдік жетістіктерді пайдаланыңыз. TED стилінде баяндама неге жасамасқа? Оны «Инстаграм» желісіне #DMUKTALENT хэштегімен орналастыруды ұмытпаңыз. Бұл сіздің болашақ мансабыңызға зор әсерін тигізетін болсын!

Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз және сіздерден жаңа инновациялық қызықты жобаларды асыға күтеміз!

DMU Қазақстан
Almaty City, Medeu District,
Al Farabi St.116, Building 6-7
KAZAKHSTAN

DMU Қазақстан
Almaty City, Medeu District,
Al Farabi St.116, Building 6-7
KAZAKHSTAN

DMU награжден золотой медалью Система повышения квалификации преподавателей

© 2021 De Montfort University Kazakhstan